Миллиардер Омар Камани 20 млн фунт стерлингке ерекше үйлену тойын өткізді

Pretty Little Thing негізін қалаушы миллиардер Омар Камани мен Нада Каманидің үйлену тойы оларға 20 млн фунт стерлингке түсті. 4 күнге созылған және «ғасыр тойы» атанған cалтанатқа Мэрайя Кэри бастаған көптеген танымал тұлғалар қатысты, деп хабарлайды KAZINFORM.Үйлену тойы төрт күн – 2 мамырдан 5 мамырға дейін созылды.Омар мен Нада Францияның оңтүстігіндегі Hotel du Cap-Eden-Roc қонақүйінде үйленді. Vogue Arabia журналына берген сұхбатында көктемгі үйлену тойының тамаша орнын табу туралы әңгімесінде Нада Côte d’Azur (Көкшіл жағалау) екеуі үшін де өте «ерекше» орын екенін айтты, өйткені Омар өзінің қалыңдығына үйлену ұсынысын дәл осы жерде жасаған және олар қарым-қатынасының «ғажайып сәттерін» осы жерде басынан өткерген.2021 жылы 36 жастағы бизнесмен Омар 31 жастағы Надаға құны 1,45 млн фунт стерлинг гауһар тас сақинасын салып, өзіне жар болуға ұсыныс жасады.Қалыңдық үйлену тойына Dior's Flou Workshop-та 540 сағаттан астам уақыт бойы тігілген бірегей Dior көйлегін таңдады.Алғашқы кеште ақ киім үлгісін киюге міндеттелген қонақтар үшін бассейн жанында сауық кеші, отшашу ұйымдастырылып, бишілер өнер көрсеткен.Келесі күні олардың үлкен тойы болды. Керемет Tom Ford смокингін киген Омар қалыңдығын ақ раушан гүлдермен безендірілген аллеяның соңында күтті, қалыңдықтың келе жатқанын Андреа Бочеллидің өзі хабарлады.Қонақ үйдегі кеште Мэрайя Кэри өзінің хиттерін орындады.Үшінші күні Омар мен Нада үнділік рәсім кезінде ант берді.Төртінші күні қонақтар қарапайым барбекюде демалуға шақырылды, мереке жас жұбайлардың құрметіне соңғы тілектермен аяқталды.Қонақтар арасында Наоми Кэмпбелл, Рио және Кейт Фердинанд сияқты атақты адамдар болды. Қонақтардың тізімінде Стивен Бартлетт, Тайни Темпа, Энтони Джошуа, Холли Вэлэнс және Ник Кэнди есімдері де болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Қазақстандық аграрлық ЖОО Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Артық салмақ қосып алмас үшін кешкі асқа не жеу керек?
«Тіл мәселесін түзеуді балабақшадан бастауымыз керек»: Белгілі актер тіл мәселесін сынға алды
Таразда прокуратура қызметкері ұсталды