Канадада миллионер өз ауданындағы баспанасыздықты азайту үшін тұрғындарға 99 шағын үй салып берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Канадалық кәсіпкер өз компаниясын сатып, өз табысын мұқтаж адамдар үшін шағын үйлер қауымдастығын құруға жұмсаған.Фредериктондағы (Нью-Брансуик) оның фабрикасы қазір қаланың баспанасыз тұрғындарына екінші мүмкіндік беру үшін 99 үйден тұратын “12 Neighbours” деп аталатын елді мекен құруға кірісіп кеткен. 12 Neighbors негізін қалаушы Марсель ЛеБрунның әлеуметтік медиа мониторингпен айналысатын табысты компаниясы болған. Ол 99 үй жобасына 4 миллион доллар өз ақшасын құйып, қазір жобаның төрттен үш бөлігін аяқтады. Провинциялық және ұлттық үкіметтердің гранттары мен қолдауы арқылы 12 Neighbors қауымдастығы жалпы сомасы 12 миллион доллар қаражат алған. Кішкентай үйлерде барлығы бар: ас үй, қонақ бөлме және жатын бөлме және жуынатын бөлмесі. Олардың әрқайсысында шағын террассалар, төбелерінде күн батареялары және эстетикалық жағымды бояулар бар.