ҚР парламенті мәжілісіндегі үкімет сағатында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың банкрот рәсіміндегі кейбір кедергілерді жоюды ұсынды.Биылғы 3 наурыздан бері 68 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде 55 мың өтініш банкрот рәсімінің критерийлеріне сәйкес келмейтіні анықталды. Министр адамдардың банкрот рәсімінен бас тартуының негізгі себептерін атады: мүліктің болуы; қарыз сомасы мен төлемеу мерзімі бойынша борышкер арасындағы сәйкессіздік; кредитормен қарызды реттеудің болмауы. "Нәтижесінде бүгінде 8 млрд теңгеден астам берешегі бойынша 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды, 1200-ден астам азамат сот органдарына банкроттық және төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін жүгінді, 35-тен астам азамат банкрот деп танылды", - Ерұлан Жамаубаев Алайда оның айтуынша, кейбір кедергілерге байланысты жеке борышкерлер банкрот туралы өтініш бере алмайды.Ерұлан Жамаубаевтың ұсынысы: "Қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулер топтамасы: • халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге; • алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғауға; • банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған.