"Біз Big data мүмкіндігін қолданып жатырмыз. Бүгінде 6,3 миллион отбасының деректері цифрланды. Сол арқылы адамдар қай қызметті ең көп сұрайтынын білдік. Ол әлеуметтік маңызды 18 қызмет: көпбалалы отбасына, мүгедектігі бар адамға, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мен төлемақылар. Бұл қызметтер проактивті көрсетіледі. Ол - 800 мыңдай қызмет", - деді министр Үкімет отырысында.Сондай-ақ, ол негізсіз анықтама сұрайтын жұмыс берушілерді жауапқа тартуды ұсынды."Big data-ның тағы да бір мүмкіндігіне тоқталайын. Жыл сайын бір жерден екінші жерге 50 миллион анықтама тапсыру қажет болатын. Соны цифрлық форматқа көшірдік. Бірақ анықтаманы негізсіз талап ету әлі де болып жатыр. Көбіне оны сұрайтын - мектеп пен жұмыс берушілер.Сіздің тапсырмаңызға сәйкес 2024 жылы жылы өкілетті 2 министрлікпен бұл проблеманы толық шешеміз деп отырмыз. Анықтаманы заңсыз талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді сұраймыз", - деді Бағдат Мусин.