Министр Түркістан облысының су басқан аудандарын әуеден барлап шықты

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және мүдделі ұйым өкілдері Түркістан облысында әуеден барлау жұмысын жүргізді.  Жұмыс барысында Сауран ауданының аумағында, Қаратау беткейінде және Сырдария мен Арыс өзендерінің бойында бұған дейін су басқан елді мекендерге аэровизуалды шолу жасалды.Әуеден барлау жұмыстарынан кейін министр жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы мекемелерімен кеңес өткізді, онда ағымдағы жағдайдың тұрақтанғаны және қалыптасқан метеорологиялық жағдай негізінде қажетті алдын алу шараларын қабылдау мәселелері талқыланды.Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, ешқандай қауіп жоқ.Сонымен қатар, құтқару бөлімшелері атқарушы органдармен бірлесіп қосымша алдын алу шараларын қабылдап жатыр.Еске сала кетейік, өңірдегі Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басқанын хабарлаған едік. Тасқын су Сауран ауданындағы елді мекендерге қауіп төндірді. Су тасқынына байланысты Сауранда мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті және 7 балабақша жұмысын тоқтатты.Өңірде көлігімен тасқын су ортасында қалып қойған тұрғындар құтқарылды.4 елді мекенде су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр, тұрғындар үшін «жедел желі» іске қосылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Кентау қаласы мен Сауран ауданында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялауды ұсынды. Юрий Ильин кеше Түркістан облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін хабарлады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Күйеуі қайда қарап отыр»: Психолог әйелдерге іш киімсіз жүруге кеңес берді (ВИДЕО)
Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды