Оқу-ағарту министрлігі сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген ақшаға салынатын 70 мектептің тізімін дайындап қойыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.Бұл - елдегі мектеп тапшылығын жоюға бағытталған шараның бірі. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, жаңа мектептер әр өңірде салынады. "Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажет құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады". Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Бұған дейін Қаржы министрлігің сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген 120 миллиард теңге білім беруді қолдау қорына түскенін хабарлаған еді.