Министрлік: Zaimer.kz базасында деректері таралып кеткен 1500-ге жуық азаматтан шағым түсті

ҚР ЦДИАӨМ-ге азаматтардан 1400-ден астам шағым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.Бұдан бұрын хабарланғандай, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ 2024 жылғы 5 наурызда қазақстандықтардың, яғни zaimer.kz («Робокеш.кз» «МҚҰ» ЖШС) микроқаржы ұйымы клиенттерінің дербес деректерінің таралып кетуін анықтады. 2 миллионнан астам адамның жеке деректерінің құпиялылығы бұзылды. Жалпы, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 млн астам дерегі анықталды (РФ - 23,6 млн (zaimer.ru – 16.8 млн., adengi.ru – 6.8 млн.); Филиппин – 5 млн (digido.ph); Вьетнам - 2 млн (vietloan.vn). ҚР ЦДИАӨМ анықталған оқиғалар аясында және дербес деректерді қорғау саласындағы өз құзыреті шеңберінде жедел әрекет етті. Egov Mobile мобильді қосымшасын пайдалана отырып, азаматтарды хабардар ету және осы деректердің таралып кетуімен байланысты ықтимал тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар беру жүргізілді. 7 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін ЦДИАӨМ-нің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне азаматтардан 1400-ден астам шағым мен өтініш келіп түсті. Комитет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабына сәйкес бұзушылық фактілері бойынша мұқият тексерулер жүргізеді. Бұзушылықтар расталған кезде, әкімшілік айыппұлдарды қоса алғанда, тиісті шаралар қабылданады. Бұдан бөлек, ықтимал қылмыстық құқық бұзушылықтарды көрсететін материалдар анықталған жағдайда, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті оларды одан әрі тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне береді, - делінген хабарламада. Деректердің таралып кетуінен материалдық залал фактілері кездескен жағдайда, азаматтар өз құқықтарын қорғау және келтірілген залалды өтеу үшін Ішкі істер министрлігіне немесе сотқа өз бетінше жүгіне алады. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректері таралуы мүмкін барлық азаматтарды өздерінің құпия ақпараттарын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға және құзыретті органдар ұсынған ұсыныстарды орындауға шақырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден озды
Былтыр Павлодар облысында полиция есірткіге қатысты 392 қылмыстың жолын кесті
Елдос Сметов Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда