Минскіде ҰҚШҰ саммиті басталды

Минскідегі Тәуелсіздік сарайында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті басталды. Kazinform бұл туралы БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.Салтанатты рәсім залында Беларусь президенті Александр Лукашенко саммитке келген ел көшбасшыларын қарсы алды. Олар – Ресей, Қазақстан, Тәжікстан мен Қырғызстан президенттері. Мемлекет басшылары бірге суретке түскеннен кейін Александр Лукашенконың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясын өткізеді. Минскідегі саммитке ҰҚШҰ-ға мүше елдер көшбасшыларының ішінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян ғана келмеді. Бұл туралы ертерек хабарланған болатын. Армян көшбасшысының интеграциялық іс-шараларға қатысудан бас тартып отырғаны бірінші рет емес. Қазанда ол Бішкектегі ТМД саммитіне де қатысқан жоқ. Мемлекет басшылары шағын құрамда халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылап, сессияаралық кезеңде ҰҚШҰ қызметінің қорытындысын жасайды. Президенттер ҰҚШҰ бас хатшысының ақпаратын тыңдап, пікір алмасады. Пленарлық отырыс кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп жоспарланған. Ол өз елі ҰҚШҰ-ға төраға болған кезде негізінен қандай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетінін баяндайды. Саммит соңында президенттер ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі декларациясына қол қояды. Қол қойылатын құжаттар қатарында ҰҚК-нің дағдарыс кезінде әрекет ету жүйесін дамытуға, Ұйымның бірлескен баспасөз орталығының жұмысына, «Вместе к миру» медалін, ҰҚШҰ бюджетін бекітуге қатысты шешімдер бар. Сондай-ақ мемлекет басшылары ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы қызметіне қатысты, Біріккен штаб құрылымы, Хатшылықтағы квоталық қызметтерді бөлу, ҰҚШҰ марапаттары, ұйымдағы төрағалық, ҰҚК кезекті сессиясы өтетін уақыт пен орынға қатысты шешім қабылдайды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Минскідегі Тәуелсіздік сарайына жеткенін еске сала кетейік. Мемлекет басшысын Беларусь президенті Александр Лукашенко күтіп алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албанияны қиындықсыз жеңді
Қазақстанда президент резиденциясының орнына стадион салынады
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты