Мобильді аударымдарды бақылау: азаматтардың табысына не жатпайды?

2023 жылы Мемлекеттік кірістер комитетіне қатарынан үш айдың әрқайсысы ішінде 100 түрлі тұлғадан жеке банктік шотқа аударымдар алған жеке тұлғалар бойынша банктерден мәліметтер келіп түсті. Банктер мәліметтерді тек осы өлшемшарттарға сәйкес келген адамдар бойынша жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты."Мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген азаматтар, ұлттық компания басшыларының барлығына қатысты мобильді аударымдар бойынша бақылау 2022 жылдың қорытындысы бойынша жүріп жатыр. Аталған ақпараттарды өңдеу, талдау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар шамамен келесі жылдың наурыз-сәуір айларында аяқталып қалады. Оның нәтижесі бойынша бұл азаматтарға хабарлама жолданады және әрі қарай олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева. Бүгінгі таңда 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың, олардың жұбайлары бойынша ақпарат келіп түскен. Жеке тұлғалардың жалпы саны 8 мыңнан асады, деді спикер. "Бұл жоба жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкер тауарлар, қызметтер үшін төлемді жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы алады. Сонымен қатар аударымдар көп жағдайда чектер берілмей қабылданады. Осыған байланысты кәсіпкерлерге кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға (бизнес-шоттарға) төлем қабылдауды ұсынамыз", - деп жалғастырды спикер. Бірінші кезеңде қызметті салық органдарында тіркеу, кірістерді төмендету бағыттары бойынша камералдық бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, бұл салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беруге бағытталып отыр. Сол себепті анықталған бұзушылықтар бойынша алдымен хабарламалар жіберілетін болады. Бұдан бөлек жеке кәсіпкерлік тіркеусіз қызмет үшін 15 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Кірістерді жасырғандарға – төленбеген салықтар сомасының 200% мөлшерінде айыппұл (қайталанған жағдайда – 300%), чек бермегендерге – 15-тен 50 АЕК-ке дейін. Бақылау шаралары қызметті тіркеусіз жүзеге асыратын немесе кірістерді жасыратын кәсіпкерлерге ғана әсер етеді. "Жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасай алады әрі қабылдай алады. Бұл ретте мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ, өйткені олар жеке тұлғаның табысына жатпайды. Табыс алуға бағытталған аударымдар ғана декларациялауға жатады", - деп түсіндірді Айнұр Сартаева. Банктерден ақпарат кезең кезеңімен беріледі: 2023 жылдан бастап – мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша); 2024 жылдан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша); 2025 жылдан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша); 2026 жылдан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша).

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оққағарлар
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Күтпеген шығыннан сақ болыңыз: 14 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды