Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеп пайдалануға шақырды.«Қазақстандықтар (айына – ред.) 15-20 Гбайт ақпарат тұтынып үйреніп қалғаны түсінікті. Бірақ үнемдейікші, мобильді интернет деген қымбат екенін түсінейікші. Үйге келгенде Wi-Fi-ға қосылу керек. Қандай да бір мәдениет болуы тиіс», - деді Бағдат Мусин бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. Сондай-ақ министр елімізде ең төменгі мобильді интернет тарифі 2700 теңге тұрады деген мәлімет келтірді. Бұған дейін Б.Мусин Астана қаласы интернет жылдамдығы бойынша халықаралық рейтингіде Токионы басып озғанын мәлім еткен еді.