Моңғолия аумағының басым бөлігінде қарлы боран соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Montsame ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Синоптиктер болжамына сәйкес, Моңғолияның басым бөлігінде, соның ішінде Дундговь, Говьсумбэр, Хэнтий, Сухбаатар, Дорноговь және Дорнод аймақтарында алдағы күндері салқын күн райы сақталады. Жауын-шашын жауып, жел жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жетеді.