Қазақстандық "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің өткен аптадағы кассалық жиналымы шетелдік киноларды басып озды. Тicketon.kz сайтының мәліметінше, отандық фильм 107 млн 67 мың теңге қаражат жинаған, деп жазады Астана телеарнасы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі 107 млн 67 мың теңгемен бірінші орынға шықса, екінші орынды отандық комедиялық фильм - CocoJanbo 62 млн 572 мың теңгемен иемденген. Ал "Изгоняющий дьявола: верующий" шетелдік фильмі 45 млн 371 мың теңгемен үшінші орынға жайғасқан. Сонымен қатар үздік тоғыздық қатарында отандық "Байдың қызын аламын" және "Белгісіз батырлар" фильмі де бар. Айта кетейік, осыған дейін "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің кинотеатрдағы көрсетілімі тоқтатылған болатын. Қоғамдық шудан соң фильмнің көрсетілімі тағы бір аптаға созылды. Кейінірек министрлер кабинетінде өткен брифингте мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетіліміне қатысты пікір білдірді.