Мұғалім-оқушы-ата-ана. Еліміздің бас ұстазы үндеу жолдады

Мұғалім-оқушы-ата-ана. Еліміздің бас ұстазы үндеу жолдады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ата-аналарға, оқушыларға және әріптестеріне үндеу жолдап, балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Білім беру саласындағы барлығымыздың негізгі міндетіміз – балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны құру үшін қажетті әрекеттерді қамтамасыз ету. Бірде-бір бала құқығының бұзылуына жол бермеуіміз керек. Осыған орай Білім басқармасы, аудандық және қалалық білім беру бөлімдері басшылары тәрбие жұмысы бойынша жеке жауапкершіліктерін күшейтуді, барлық білім беру ұйымында сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, қамқор болуға, бірлікке, бір-бірін қолдауға шақыратын іс-шаралар өтуі қажет, - деп тапсырма берді Оқу-ағарту министрі әріптестеріне. Сонымен қатар барлық білім беру ұйымында буллингке «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша тәрбие сабақтарын ұйымдастыруды, мектептен тыс іс-шаралармен балаларды барынша қамтуды, барлық өңірде ата-аналармен жұмысты жүйелі түрде күшейтуді, балалар арасында қандай да бір құқық бұзудың алдын алуда ведомствоаралық, оның ішінде құқық қорғау, халықты әлеуметтік қолдау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары арасында өзара байланысты нығайтуды тапсырды. Бейсембаев шұғыл жиналыста ата-аналарға үндеу жолдады. Құрметті ата-аналар! Соңғы уақытта буллинг тез таралып бара жатқан құбылысқа айналды. Оның алдын алу үшін министрлік заңнамалық базаны жетілдіріп жатыр. Баланы буллингтен қорғау заң жүзінде бекітілген. Ол үшін арнайы ережелер қабылданған. Осы мақсатта балаларды буллингтен қорғау үшін алдын алу ережелері және мектептердің психологиялық қызметтері қызметінің ережелері қабылданды. Ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту үшін балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу алгоритмі қабылданды, - деп түсіндірді министр. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларды қатыгездіктен қорғаудың кешенді жоспары әзірленіп жатқанын айтты. Бүгінгі күні барлық білім ордасында қорлау, қатыгездікті тоқтататын ресурс жеткілікті. Мұғалімдерге көмекке ата-аналар комитеті, қамқоршылық, ақсақалдар және әкелер кеңесі келуі керек. Мектептің мойнына өте маңызды, яғни бала үшін өмір сүріп, жұмыс істеу миссиясы жүктелген, - деді Ғани Бейсембаев. Министр атап өткендей, бүгінгі күні өңірлерде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істейді. Телеграмда «Bala qorgau» чаты ашылған. Ол жерге бала құқығы бұзылған жағдайда жүгінуге болады. Бақытты бала ғана елімізді бақытты ете алады. Өскелең ұрпаққа қамқор болу – біздің басты міндетіміз. Олардың амандығы және бақытты балалық шағы үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Осы мәселеде ата-аналармен бірігуіміз маңызды, - деді ол. Еліміздің бас ұстазы балаларға да үндеу жолдады. Құрметті балалар! Барлығың ата-аналарыңның әлпештеп, өсіріп отырған балаларысыңдар. Бір-бірлеріңе қатыгездік жасауға жол бермеу керек. Егер жәбір көріп немесе жәбірлеудің куәгері болсаңдар, бірден көмекке шақырыңдар. Әр өңірде бала құқықтарын қорғайтын өкілдерді тағайындадық. Министрліктің Бала құқықтарын қорғау комитеті тәулік бойы сендерге қызмет етеді. Тиісті байланыс нөмірлерін әлеуметтік желілерде бар, - деп үндеу жолдады министр балаларға.

Алматыда БҰҰ орталығы ашылады: Бектенов аймақтар үшін маңыздылығын атады
Алматыда БҰҰ орталығы ашылады: Бектенов аймақтар үшін маңыздылығын атады
  • baq.kz
Депутат Қазақстандағы бүкіл зейнеткердің несиесін кешіруді ұсынды
Депутат Қазақстандағы бүкіл зейнеткердің несиесін кешіруді ұсынды
  • azattyq-ruhy
Шахтадағы 46 кеншінің қазасы: Сот отырысы басталды
Шахтадағы 46 кеншінің қазасы: Сот отырысы басталды
  • baq.kz
Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жүргізілуде
Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жүргізілуде
  • aqshamnews
Ауызашар беру: сауапты амал ба, бизнес пе?
Ауызашар беру: сауапты амал ба, бизнес пе?
  • aqshamnews
«Бір кітаптың ізімен»
«Бір кітаптың ізімен»
  • aqshamnews
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
  • aqshamnews
Көненің көзі, әуеннің өзі....
Көненің көзі, әуеннің өзі....
  • aqshamnews
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
  • aqshamnews
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
  • aqshamnews
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
  • aqshamnews
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
  • aqshamnews
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
  • aqshamnews
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
  • aqshamnews
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
  • aqshamnews
Гүл саудасы қызып тұр
Гүл саудасы қызып тұр
  • aqshamnews
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
  • aqshamnews
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
  • aqshamnews
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
  • aqshamnews
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
  • aqshamnews
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
  • aqshamnews
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
  • aqshamnews
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
  • aqshamnews
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
  • aqshamnews
Ұлттық құрама ойыншыларын азаматтықтан айырды
Ұлттық құрама ойыншыларын азаматтықтан айырды
  • penalty
Ардагер футболшы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға шақыртылуы жайлы: бұдан футболшының өзі де Қазақстан құрамасы да ұтатыны анық
Ардагер футболшы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға шақыртылуы жайлы: бұдан футболшының өзі де Қазақстан құрамасы да ұтатыны анық
  • aladop.kz
ММА Азия ойындарының бағдарламасына енді
ММА Азия ойындарының бағдарламасына енді
  • 1bol.kz
Әлем кубогіне төрт қазақстандық семсерші қатысады
Әлем кубогіне төрт қазақстандық семсерші қатысады
  • Vesti
Абай облысында монополистер 3,5 млрд теңгеге көмір сатып алмақ болған
Абай облысында монополистер 3,5 млрд теңгеге көмір сатып алмақ болған
  • azattyq-ruhy
Түркістан облысында полиция инспекторы мерт болды
Түркістан облысында полиция инспекторы мерт болды
  • qaz365.kz
Тоқаев Ақордада Шығыс Қазақстанның әкімі Сақтағановты қабылдады
Тоқаев Ақордада Шығыс Қазақстанның әкімі Сақтағановты қабылдады
  • azattyq-ruhy
«Туризм, цифрландыру, көлік-логистика секторы мен агроөнеркәсіпке назар аударылады»: Нұрымбет Сақтағанов Президентке есеп берді
«Туризм, цифрландыру, көлік-логистика секторы мен агроөнеркәсіпке назар аударылады»: Нұрымбет Сақтағанов Президентке есеп берді
  • sn.kz
Тоқаев ШҚО әкімі Сақтағановты қабылдады
Тоқаев ШҚО әкімі Сақтағановты қабылдады
  • TengriNews
“Болашақ сәулетшілері“ Марат Әбиевке жаңа үкім шығарылды
“Болашақ сәулетшілері“ Марат Әбиевке жаңа үкім шығарылды
  • TengriNews
Тоқаев Ұлытау облысының әкіміне тапсырма берді
Тоқаев Ұлытау облысының әкіміне тапсырма берді
  • TengriNews
Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету: ІІМ бұл ұсынысқа не дейді?
Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету: ІІМ бұл ұсынысқа не дейді?
  • TengriNews
Қазақстанда жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы тағы да айтылды
Қазақстанда жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы тағы да айтылды
  • TengriNews
Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін
Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін
  • bugin.kz
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
  • TengriNews
Жасанды интеллект мұғалімдер санын қысқартпай ма?
Жасанды интеллект мұғалімдер санын қысқартпай ма?
  • baq.kz
«Алматыға аяқасты ұшып келдік»: Төреғали Төреәлінің қарындасы күтпеген мәлімдеме жасады
«Алматыға аяқасты ұшып келдік»: Төреғали Төреәлінің қарындасы күтпеген мәлімдеме жасады
  • sn.kz
«Ұмытпа, қазақ!» әні жарыққа шықты
«Ұмытпа, қазақ!» әні жарыққа шықты
  • qaz365.kz
Астанада 8 наурыз мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді
Астанада 8 наурыз мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді
  • el.kz
Рамазан 2025: Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма?
Рамазан 2025: Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма?
  • Massaget
Талдықорғанда анасын ұрған адам 10 күнге қамауға алынды
Талдықорғанда анасын ұрған адам 10 күнге қамауға алынды
  • almaty_tv
Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
  • almaty_tv
Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылып отыр
Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылып отыр
  • TengriNews
Әкімдік Астананың ең сұлу әрі жас мұғалімін іздеп жатыр
Әкімдік Астананың ең сұлу әрі жас мұғалімін іздеп жатыр
  • azattyq-ruhy