Өзбекстанда орыс тілінің мұғалімі өзінің жалақысынан үздік оқушыларға шәкіртақы беріп жүр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша төрт оқушыға шәкіртақы тағайындалған, - деп хабарлайды Podrobno.uz сайты. Ёркиной Маматисакованың сөзінше, ол осылайша оқушыларын ынталандырмақ. "10 "Б" сыныбында шәкіртақы тағайындағаннан кейін маған оқушылардың ата-анасы хабарласып, алғыс айтты. Олар баласы ақша салынған конвертті үйге әкеліп, ата-анасына бергенін айтқан. Жалақыдан гөрі балалардың қуанғанын көру шаттық сыйлайды", - дейді мұғалім. 30 жылда Ёркиной Маматисакова көптеген жаңашылдық енгізіп, оқушыларын ынталандырып жүрген.