«Мұғалімді зорлаған»: Алматыда мектеп басшысы қызметінен кетті

Алматыда аз қамтылған отбасы балаларына арналған №10 мектеп-интернаты директорының міндетін атқарушы сексуалдық жанжалдан соң қызметінен кетті.Оған бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Тәжібаеваның ток-шоулардың бірінде сөйлеген сөзі себеп болды. Қызметкердің айтуынша, мекеме басшысы жұмыс орнында оны балағаттап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Мәлімет бойынша, ер адам кабинетінде қызмет бабын пайдаланып, қызметкерін жұмыстан тыс уақытта кездесуге мәжбүрлеген. Ол амалсыз 35 000 теңгесін қиып, басшысын дәмханаға шақырады. «Отырыстан шыққан соң жаныма жақындап, шешіне бастады. Жыладым, қарсылық көрсеттім, тиіспеуін өтіндім, бірақ мені тыңдаған жоқ. Жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі», – дейді Гүлмира Тәжібаева көзіне жас алып. Ұстаз бастықтың кек алуынан қорқып, оқиғаны құқық қорғау органдарына хабарламаған. Содан кейін ер адам бірнеше ай бойы бағыныштысын басынуды жалғастырып, тағы жыныстық қатынасқа түсуді сұраған. Жәбір көруден шаршаған ол «Ащы шындық» ток-шоуына жүгінген. Бағдарламаға барған мұғалім заңгерлер Айдын Нұрмұхамбет пен Мейірман Шекеевтің көмегіне жүгініп, Алматы қалалық әкімдігіне шағымданған. Түсірілімнен кейін телестудиядан шыққан мектеп директоры жұмыстан кету туралы арыз жазған. Келесі күні ол бет-бейнесін теледидарға шығаруға қарсылық білдірген. Барлық арыз-шағым шешімін тауып, дау толық шешілгенге дейін редакция хабар таратуды уақытша тоқтатты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда терроризмді насихаттаған екі адам сотталды
Президент сұхбатында айтылғандарды Үкіметке берілген тапсырма деуге болады - сарапшы
ТЖМ құтқарушылары жолда қалған 32 адамды құтқарды
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді