Мұғалімдердің еңбек демалысы: Оқу-ағарту министрлігі қалай төленетінін түсіндірді

Педагогтер үшін ең маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу уақытының ұзақтығын белгілеу. Оның ұзақтығы барлық педагог үшін 56 күнтізбелік күн, деп хабарлайды BAQ.KZ.Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, педагогтерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының 2 түрі беріледі: негізгі және қосымша. Қосымша демалыс экологиялық қолайсыз және радиациялық қаупі бар аумақтарда тұратын педагогтер үшін қарастырылған. Оның ішінде экологиялық қолайсыз аумақтарда тұратын педагогтер үшін қосымша демалыстың ұзақтығы 7 күннен 12 күнге дейінгі, ал радиациялық қауiптi аумақтарда тұратын педагогтер үшін 5 күннен 14 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Демалыс уақытына түскен мереке күндері еңбек демалысына кірмейді. Еңбек демалысын беру кезінде нақты жұмыс істеген уақыт қана есепке алынады. Еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді. Сауықтыру жәрдемақысының мөлшерін есептеу педагогтің демалыс берілген күнгі нақты жүктемесін ескере отырып, лауазымдық ақы мөлшерінде жүргізіледі, мұнда қосымша ақылар мен үстемеақылар есептелмейді, - дейді Бюджеттік жоспарлау департаментінің Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасы басшысы Гүлайым Тоқпанова. Педагог қосымша жұмысты немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындаған жағдайда бұл лауазымдарды қатар атқару болып есептеледі. Бұл жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы педагогке негізгі лауазымы бойынша ғана төленеді. Егер педагог қосымша жұмысты лауазымдарды қоса атқару туралы жеке еңбек шарты бойынша негізгі жұмыстан бос уақытында атқарса, сауықтыруға арналған жәрдемақы негізгі жұмыс үшін де, қосымша жұмыс үшін де бөлек төленуі тиіс.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандықтар Сириядағы соғыстық қимылдарына қатысқаны үшін сотталды
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Қазақстандық Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Қолайсыз ауа райы: БҚО-дағы жолдың бір бөлігі жабылды
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды