Мүгедектер мен жетімдерге жалға берілген пәтерлер сатылуы мүмкін

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков Жалға берілетін пәтерлер жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.Брифингте журналист «Бұған дейін бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жалға берілген 36 мың пәтер тозып жатқанын айтқан еді. Енді бұл үйлер жекешелендірілуі мүмкін бе? Себебі, Мәжілістегі заң жобасы аясында осы сұрақ қаралып жатыр деген ақпарат бар» деген сауал жолдады. Бұл сұраққа Бақытжан Жүнісбеков жауап берді. «Несиелік тұрғын үйді қаржыландыру тоқтатылып, жалға беру пәтерін сатып алуға көшеміз деп жоспарланған еді. Алайда бұл жалға беру тұрғын үйін жалға алушылардың сатып алуына қатысты тетіктер қарастырылады»,- деді ол. Өз кезегінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қала құрылысы және тұрғын үй коммуналдық саясаты департаменті Құрылыс саласын дамыту басқармасының басшысы Ерлан Құлышев осыған қатысты заң жобасы қаралып жатқанын айтты. «Қазір заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Әлі шешім қабылданған жоқ. Көреміз қарастырамыз. Заң жобасы қаралып жатыр. Белгіленген уақыты бар. Мәселе қаралып жатыр. Оны нақты білеміз. Бұл өзекті мәселе. Жұмыс топтарына үнемі қатысып жүрміз. Мәселе 1 жылдың ішінде шешілуі мүмкін»,- деді Құлышев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионы атанды
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Қазақстан Азия чемпионатында қанша пайда тапқаны белгілі болды 
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды