Мүгедектігі бар адамдар отыратын арбаларды пайдалану талаптары өзгермек

Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалардың пайдаланудың мерзімі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенат депуататтарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әлихан Смайыловтың айтуынша, Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту аясында техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнайы жүріп-тұру құралдарының паркін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылған. «Жұмыс тобының өкілдері мүгедектігі бар адамдардың ұсыныстарын ескере отырып, кресло-арбалардың сипаттамаларын жақсарту және кресло-арбаларды пайдалану мерзімдерін қайта қарау бөлігінде техникалық оңалту құралдарының жіктеуішін өзектендіру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмыс қорытындысы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қолданыстағы құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады», - деп жазды Әлихан Смайылов. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда елімізде 711,8 мың мүгедектігі бар адам тұрып жатыр. Оның 24,3 мыңы медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдеріне қарай оңалту мен өмірге бейімдеудің жеке бағдарламасы бойынша кресло-арба пайдаланады. «Техникалық көмекші құралдардың қозғалу және қызмет көрсетудің арнайы құралдарының жіктемесі бойынша, мүгедектігі бар адамдарға кресло-арбаның 7 түрі ұсынылады (қолмен жетектелетін бөлме ішіне/серуенге арналған арба, тұтқамен жетектейтін серуан арбасы, әмбебап белсенді типті арба, электрмен жетектейтін арба, көпфункционалды арба және роликті арба)», - деп жазады Премьер-Министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Көлік министрі ұшақ бортындағы 6 қазақстандық қаза тапқанын айтты
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп