Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы өсті

1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдердің мөлшері көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне қарай өседі. 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгені құрайды. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдарға бюджет есебінен ай сайын төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері де артады. 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге; I топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге; II топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге; III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге төленеді. бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге; бала кезінен II топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге; бала кезінен III топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге беріледі. бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге; екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 ең төмен күнкөріс деңгейі = 76 396 теңге; үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 52 088 теңге. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға ай сайын 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі не 69 885 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға да онымен туыстық байланысына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. Оның мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі немесе 69 885 теңгені құрайды. Бұдан бөлек Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7%-ке өседі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады