Мүгедектігі бар азаматтар онлайн арқылы 270 мыңнан астам қызмет алды

Мүгедектігі бар азаматтар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 270 мыңнан астам қызмет алды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 210,6 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,3 мың – жеке көмекшінің, 29,4 мың санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды. «Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады», - дейді мамандар. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. «Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 854 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 441 ОТҚ жеткізуші, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 696 ымдау тілі және 106 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген», - делінген хабарламада. «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған. Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған Портал бойынша комиссияларға жаңа өкілеттіктер беру көзделеді. Олар мүгедектігі бар адамдардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы өтінішін 5 күн ішінде қабылдау және қарау, анықталған кемшіліктерді түзету мерзімдерін көрсете отырып, өнім берушіге хат жолдау және оның орындалуын бақылау; өнім берушіні Порталдан шығару және жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау. Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Танымал брендтің негізін қалаушы қайтыс болды
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Грузияда мейрамханадан 12 адамның мәйіті табылды
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді
#Qazalemi. Нұрлан Қоянбаев 16 желтоқсанға орай байқау жариялады
Құлсарыда спорт мектебінің бухгалтері 55,3 млн теңгені негізсіз жұмсаған