Италияда жанкүйерлер стадионды байқаусызда өртеп жіберді. Футбол стадионы қонақ секторындағы өрттен кейін жарамсыз болып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky Sports басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Оқиға С сериясындағы "Таранто" мен "Фоджа" (2:0) кездесуінен кейін болған."Қонақ команда жанкүйерлерінің секторында өрт шыққаннан кейін стадион жарамсыз болып қалды. Өрттің шығуына пластмасса материалын тұтандыру себеп болған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп жазды басылым. "Фоджа" клубының баспасөз қызметі құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін, жүргізіліп жатқан тергеу барысында кінәлілер анықталатынын хабарлады. Дереккөз стадион мүлде жарамсыз деп танылып, Таранто командасының жаттығатын орынсыз қалғанын айтады. Маусымның келесі ойынын зардап шеккен клуб 18 қыркүйекте "Мессинамен" өткізеді.