Мүмкіндігі шектеулі балалар мемлекет қамқорлығында! Алайда, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы барлық ата-ана біле бермейді. Мамандар мұны ақпараттың жеткіліксіздігімен байланыстырып отыр. Бүгінде Астана қаласында 7 мыңға жуық ерекше бала бар. Оның 1 жарым мыңында психикалық ауытқушылық анықталған. Оларға мемлекет тарапынан 8 түрлі қызмет көрсетіледі. Ем-дом балалардың қоршаған ортаға барынша бейім болуына бағытталған. Диагнозына қарай кей балалардың үйіне әлеуметтік қызметкер барады.Илья СКУБ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мүгедек балалардың аналары бірінші кезекте емханаға жүгінеді. Сондықтан біз арнаулы әлеуметтік қызметті алушылар қатарын арттыру мақсатын көздеп отырмыз. Біздің негізгі мақсат мүгедек балалармен жұмыс жасау, емдеу. Ол үшін тиісті аппараттар мен кәсіби мамандар бар. Астанада 105-108 мың әлеуметтік қызметкер бар. Аманбай ЕРДӘУЛЕТ, «ЖАНСАЯ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Негізі бізде 2 категориядағы балалар келеді. Біріншісі психоневрологиялық ауытқуы бар балалар. Екіншісі тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар. Сондай категориядағы балалар бізден қызмет алып, 1,5 жастан 18 жасқа дейін балаларға қызмет көрсетеміз. Р. Бақытжанқызы