Мүмкіндігі шектеулі жандар енді өздерінің құқықтары тапталған жағдайда Біріккен ұлттар ұйымына шағымдана алады. Бүгін сенаттың жалпы отырысында "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы радификациялау туралы" заң мақұлданды. Яғни, ерекше қажеттілігі бар жандар құқықтарын халықаралық деңгейде қорғай алады.Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын институттарды және мехнизмдерді жетілдіру басты міндеттердің бірі. Бүгін мақұлданған заң – осы жолда жасалған маңызды қадам. Бұл Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитеті арқылы мүгедектігі бар адамдардың шағымдарын қарау үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Алдағы уақытта заң мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға өз үлесін қосады деп сенеміз