"Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ипотекалық бағдарламаның талаптарын қайта қарау қажет", - депутат

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ипотекалық бағдарламаның талаптарын қайта қарау қажет. Дәулет Мұқаев осылай деп депутаттық сауал жолдады. Елімізде ерекше қажеттілігі бар 711 мың адам тұрады. Мемлекет тарапынан баспана алуға арналған арнайы бағдарламалар қабылданғанымен іс жүзінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жетімсіз болып отыр. Депутат олардың жұмыспен қамтылмауы, сәйкесінше екінші деңгейлі банкке төлем қабілеттілігін растай алмайды дейді.Дәулет МҰҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Ипотека рәсімдеуде жеңілдетілген ұсынымдар енгізілуі керек. Табыс көзін растағанда зейнетақы аударымдары емес, екінші деңгейлі банктердегі соңғы 6 айдағы түсімдердің жиынтығын көрсетсе жеткілікті деп санаймын. Екінші деңгейлі банктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға тәуекелі жоғары топ ретінде қарамау мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Инклюзивті қоғам құруда бұл өзекті мәселе болып қала бермек. Ал, депутат Нұргүл Тау отбасы институтын нығайту қажеттігін көтерді. Оның сөзінше, соңғы жылдары елімізде ажырасу мен отбасындағы зорлық-зомбылық фактілері жиілеген. Бұл алаңдатарлық жағдай. Депутаттың айтуынша, елімізде бұл мәселелермен тікелей айналысатын орган жоқ. Ал шетелде жекелеген мемлекеттік органдар айналысады. Нұргүл ТАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Жоғарыда айтылғандардың негізінде, осы сала бойынша жұмыс істейтін министрліктердің функцияларын біріктіріп, жаңа институционалдық негіз–Отбасы, әйелдер, балалар мен жастар істері жөніндегі агенттік құру мәселесін қарауға ұсыныс береміз

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бауыржан Байтана «Жеңіс» құрамынан кетті
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Ауғанстанда шахта опырылып, 35 жұмысшы үйінді астында қалды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады