Мүмкіндігі шектеулі жандар да саяси маңызы бар айтулы шараға белсенді атсалысуда. Сайлау учаскелері ашыла сала дауыс беруге асыққандар бар. Ал ерекше қажеттілігі бар азаматтарға учаскелерде қандай жағдай жасалған? Әріптесім Аружан Задабек дәл қазір Елордадағы дауыс беретін орындардың бірінен тікелей байланысқа шықпақ.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Иә, расында да саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше жағдай жасалған. Пандустан бөлек әр учаскеде арба оп-оңай кіретін арнайы кең кабиналар қойылған. Ал зағиптар брайль жүйесі арқылы өзі таңдаған кандидатқа дауыс бере алады. Тіпті сурдоаударма іске қосылған. Айкүміс РУСТАМҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Елдегі сайлау учаскелерінің 92 проценті пандуспен, 82 пайызы ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілген. Инватакси қызметі ұйымдастырылған.