Brent маркалы мұнай бағасы 71 доллардан төмен бағада саудаланып жатыр. Бұл 2021 жылдың соңынан бергі ең төмен баға, деп хабарлайды ҚазАқпарат ICE биржасына сілтеме жасап.Әлемдік мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 13:04 -те мамырдағы фьючерстерінің баррелі $70,65 болды. Ал WTI маркасының мамырдағы фьючерстерінің баррелі 3,14% арзандап 64,83 долларды құрады. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 2021 жылы 20 желтоқсанда болған еді.