«Мұнайға сұраныс рекордтық деңгейге жетеді», – халықаралық ұйым

Азық-түлік бір жылда 25 пайызға қымбаттаған. Бағаны тежеу үшін кешенді шаралар қажет. Депутаттар Үкімет басшысына сауал жолдады. Биыл мұнай бағасынада сұраныс артуы мүмкін. Оған не себеп? Осы және өзгеде ақпараттар «Экономика» топтамасында.Доллар бағамы құбылып тұр. Бүгін 1 доллардың құны – 464 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463-467 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағасы 463-466 теңге шамасында. Азық-түлік бір жылда 25 процентке қымбаттады. Бұл туралы Еnergyprom.kz агенттігі хабарлады. Жылдық өсім бойынша көш басында Маңғыстау (31,6%) облысы тұр. Үштікті Түркістан (27,5%) және Жамбыл облыстары (26%) түйіндейді. Қымбатшылық биыл 20 өңірдің 10-да орташа деңгейден жоғары болған. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ұн қымбат, май қымбат, қант қымбат, картошка, пиязың да қымбат. Менің например айлығым мен пенсиямда жетпейді. - Магазинге кірсең, қазір бұрын 50 мыңға алған затыңды. Қазір 100 мыңға да түк ала алмайсың. - Айлық ең төмен бізде. Бірақ магазинде, базарда бәрі қымбат қой. - Картошкалар қымбаттап кетті. Сүт деген қатты шарықтап тұр. 350 теңге деген. Сондай сұмдықтар болып жатыр Жамбыл облысында. Инфляция былтыр 20 проценттен асқан. Бұл болжамды көрсеткіштен 5 есе көп. Қымбатшылықтың салдарымен емес, себебімен күресу керек дейді депутаттар. Айтуларынша, қабылданып жатқан шаралардан нәтиже жоқ. Көтерме-тарату орталықтары жағдайды реттеуі тиіс еді. Алайда ол бастаманың өзі жеміссіз. Айқын ҚОҢЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Жүйелі кешенді шаралар әзірлеу керек. Ол үшін алдымен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Әсіресе агроөнеркәсіптік кешенге басымдық беру керек. Екіншіден мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы өнімсіз шығыстарды қысқартқан жөн. Биыл қара алтынға сұраныс рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Бұл туралы халықаралық энергетика агенттігі хабарлады. Ұйымның мәліметінше, мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 1,9 млн баррельге жетеді. Биыл Қытайда короновирусқа байланысты шектеулер алынса, көрші ел сұраныстың жартысына жуығын қамтамасыз етпек. Мұнайға сұраныс артуының негізгі көзі авиациялық отын болады, оған сұраныс тәулігіне 840 мың баррельге артпақ. Халықаралық энергетика агенттігінің дерегінше, биыл жеткізілім өсімі бойынша АҚШ көш бастап отыр, одан кейін екінші жыл қатарынан «қара алтын» өндірісінің жылдық рекордын орнатқан Канада мен Бразилия тұр. Дегенмен айта кету керек, мұнай қорының балансы батыстың Ресей экспортына санкциялары ықпалынан тез нашарлауы да ықтимал. Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?