"Мұндай жағдай енді болмасын!"

Абай облысындағы алапат өрттен қайтыс болған 14 адамның қазасы барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. Зиялы қауым өкілдері опат болған азаматтардың туыстарына көңіл айтты.Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ПРОФЕССОР: Адамның өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ. Өрт сөндірілер, бірақ тағы да осындай өрт болмасына кім кепіл. Ешкім кепілдік бере алмайды. Осы саладағы мемлекеттік органды күшейту керек. Оларға жаңа техника керек. Оларға арнайы су таситын самолет керек, басқа да құрал-жабдық керек. Шетелдің озық тәжірбиесінен үлгі алу керек. Құрбан болғандарға, олардык туыстарына көңіл айтамын. Әсия БЕРКЕНОВА, ХАЛЫҚ АҚЫНЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Тек қана еліміздің төрт ақ пайызын алып жатқан орманға келген зиян емес, бұл адамның жанына, адамның санына, әр жанұяның басына түскен қаралы, қайғылы жағдай болып тұр. Сондықтан қазақ елін бекем болуға шақырамын. Біз әрдайым, жанымызбенен, рухымызбенен сондай қиындық кешкен жандарменен біргеміз дегенді айтқымыз келеді. Алла Тағала енді елімізге мұндай сынақ бермесін деп тілеймін. Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ, АЙТЫСКЕР АҚЫН, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Өрт апаты біздің халқымызға келген бір үлкен қасірет болды. 14 бірдей азаматымыздан айырылдық. Қанша адамдардың жүрегіне жара салынды. Бүкіл халық болып қазір күңіреніп жатыр. Сондықтан мен бүкіл қазақ халқына көңіл айтамын. Халқымыз аман болсын, енді бұндай қиыншылықтардан сақтасын деп тілеймін! Мұқым ел бүгін аза тұтып, қаза тапқан орманшылардың отбасына қөңіл қосын білдіріп жатыр. Елімізде мұндай жағдай енді болмасын дейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Орманшыларымызға, ормандағы үйлерге, барлық отбасыларына азаның арты қайырлы болсын дейміз. Бұндай күндер ешкімнің басына салмаса екен дейміз. - Біздің бүкіл Қазақстанымызға қиын жағдай. Орманшылардың отбасыларына көңіл айтамыз, күш-қуат берсін, шаршамасын, біз біргеміз. - Қайғырып көңіл айтамыз. 14 азаматымыз ортамыздан кетіп жатыр. Көңіл айтамыз қайтыс болған адамдардың отбасына. Жүрегіміз ауырады. - Елімізде қайталанбасын. Соның бәрін ескеріп қолға алу керек сияқты.Болған жағдай сабақ болсын.Барлық отбасыларыңа сабырлық, елімізге тыныштық болсын!

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан