Үнемі көзілдірік тағып жүретін әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев кезекті концерттерінің бірінде ерекше қадамға барды. Ол өзінің қымбат көзілдірігін көрермендерге лақтырып жіберді, деп жазады әншінің желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Әншінің айтуынша, көзілдірік мың жарым доллар тұрады. Ал әлгі көзілдірікті белгілі әнші Нұрлан Еспанов жоғары бағалаған болатын. "Нұрбердиевтің очкиін көрдіңіздер ме? Пластикалық терезе киіп алған сияқты. "Шымбұлақтан" шаңғымен түсіп, тоқтай алмай, осы жерге дейін келген. Білесіздер ме, мына очкимен қыста жаурамайсыздар. Себебі әйнектің арғы бетінде жүргендей боласыздар", - деп мақтауын асырған еді. Қонаев қаласына концерт берген әнші 1500 АҚШ доллары тұратын көзілдірігін көрермендерге сыйлап, сахнадан лақтырды. "1500 доллар тұратын очки Қонаев қаласына бұйырды", - деп жазды әнші.