"Мұражайлар халық үшін керек", - Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Өңірде спорт саласына баса назар аударылған. Биылғы жылдың өзінде бірнеше ғимарат халық игілігіне берілді. Толығырақ әріптесім Сүндет Оралбек тарқатады. Қаратал тарихи-өлкетану музейі биыл ашылды. Мұнда өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат бар. Сонымен қатар, жазушы Кемел Тоқаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова және Қаратал ауданынан шыққан ақын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген тұлғалар туралы тың деректер сақталған. Қоғамның рухани дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың көмегі орасан зор. Мемлекет басшысы музейдің құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, жауаптыларға мұражайдағы жәдігерлердің санын көбейтуді тапсырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мұражайды көріп шықтым, керемет екен. Келешекте жәдігерлер көп болатын шығар енді. Сондықтан осындай мұражайлар халық үшін керек. Мемлекет басшысы барған тағы бір нысан -Үштөбе қаласындағы 30 орындық жатақханасы бар Гуманитарлық колледж. Оқу орнында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі» мамандықтары бойынша білім беріледі. 17 заманауи аудитория, мәжіліс және спорт залдары, медициналық кабинет бар. Сондай-ақ, Президент шаһардағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды. Президент дәрігерлік амбулатория жұмысымен де танысты. Медициналық мекеме бір ауысымда 50 адамды қабылдайды. Емделушілер үшін стационар, физиотерапия, процедуралық, екпе салу, гинекология және басқа да медициналық кабинеттер жұмыс істейді. Мемлекет басшысы мұнан соң Қаратал ауданының Кәлпе ауылына ат басын бұрды. Елдімекенде 200 орындық мәдениет үйі бар. Онда түрлі шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар ауылда спорт кешені бой көтерген. Модульді ғимаратта спорт залы, балалар ойын алаңы және воркаут қарастырылған. Ал мынау жабық мұз айдыны толықтай жеке кәсіпкердің қаражатына салынған. Республика күнінде пайдалануға берілді. Мұнда тұрғындар шорт-трек, хоккей және мәнерлеп сырғанау сияқты қысқы спорт түрлерімен айналысады. Сонымен қатар шаналы хоккеймен шұғылдануға мүмкіндік бар. Кешен кәсіби технологиялық құралдармен қамтамасыз етілген. Мұз айдыны Құрлықаралық хоккей лигасының және Ұлттық хоккей лигасының стандарттарына сай келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев ел игілігі үшін еңбек етіп жатқан кәсіпкерге ризашылығын білдірді. Мұхаметжан СЕРІКҰЛЫ, КӘСІПКЕР: Жалпы Қазақстанда оның ішінде Жетісу облысында спорт қарқынды даму үстінде. Біздің спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Спорттық инфрақұрылымдар, ауқымды қаржылар бөлініп, осындай спорт кешендері салынып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың спортпен тұрақты айналысқанын құптайтынын айтты. Осы мақсатта аталған саланы одан әрі қолдайтынын жеткізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Қазақстанның Әлем чемпионатының жолдамасындағы басты қарсыластары белгілі
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?