“Бақытты шаңырақ иелері”. Осындай атаумен Астанадағы музыкалық жас көрермен театрында мерекелік кеш өтті. Жас отбасылардың өнегелі өмірін, шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шарада "тұсаукесер" рәсімі жасалды. Айта кетейік, қазір театрда 14 отбасы жемісті еңбек етіп жатыр. Олардың өмірде де, өнерде де тыныс тіршілігі- бір. Театр директоры Асхат Маемировтың айтуынша, алдағы уақытта тағы шаңырақ көтергелі жатқан жұптар бар. Бүгінгі шара арқылы сол жастарға отбасы институтының маңыздылығын көрсетіп, туыстық қарым-қатынастарды нығайтпақ. Асхат МАЕМИРОВ, МУЗЫКАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕН ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің театрымыз тек қана бір көрерменге эстетикалық рухани құндылықтар жер ғана емес. Шын мәнінде театр шаңырақтың рөлін атқарып жатыр. Себебі осында келген көрермен қауымға жалпы халыққа біз отбасылық құндылықтарды насихаттай отырып, сол шаңырақта қандай жылулықты, мейірімді, махаббатты арқау еткен сезімдер бар. Соның барлығын шын мәнінде көрсетеміз. Саламат МҰҚАШЕВ, МУЗЫКАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕН ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ: Әлихан, Әлиахмет деген екі ұлымыз бар. Сол Әлиахметіміздің тұсауын кесіп жатырмыз. Бүгін отбасы күні деп жатыр. Сол қуанышқа атсалысып ұлымыздың тұсауын кесіп жақсы көңіл күйде тұрмыз. Ел сыйлайтын елдің ардақты азаматы болсын дейміз.