Қобызшы қыздардан құралған "Асыл" тобының әншілері сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы жаңалықты топтың әншілері желідегі парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Қобызбен ән айтып көпшілікке танылған "Асыл" тобының арулары бүгінде отбасы құрып, әншілердің ана атанғанын жазған едік. Биыл Роза Рымбаеваға немере сыйлаған Ақерке Бүркітбай осы "Асыл" тобы арқылы халыққа жақсы таныс."Асыл" тобының сахнаға оралатынын әнші, қобызшы Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол тыңдармандарынан қолдау күтетінін атап өтті. "Ана атанып, декреттік демалыстан шығып, енді сахнаға қайта оралмақпыз. Бізді іздеп , сағынған тыңдармандарымызға жаңа әндер мен композициялар дайындаудамыз. Сіздерден қолдау күтеміз", - деп жазды Ақерке Бүркітбай.Сондай-ақ, топтың бір мүшесі Ғалия Маратқызы да бұл жаңалықты Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына жария етті."Асыл тобы" сахнаға оралуда. Өздеріңіз білесіздер, төртеумізде қазір аналық міндетімізді атқарудамыз, шүкір. Бірақ сахнаны, сіздерді, музыканы сағындық. Сондықтан алдағы уақытта біздең жаңа ән мен композицияларды күтіңіздер", - деді Ғалия Маратқызы.