Мың шақырымнан аса республикалық автожол жөнделеді

Биыл жыл соңына дейін елімізде мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын нормативтік жағдайға келтіру көзделген. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті хабарлады.Келер жылға дейін оның 1,1 мың шақырымын аяқтау жоспарланып, 620 шақырымдай жол учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. «Басым бағыттағы және айтарлықтай қаражатты қажет ететін жобалардың бірі – Батыс Қазақстан облысындаңы «Қазталов - Жәнібек - РФ шекарасы» және «Өнеге - Бисен – Сайқын» жол учаскелерінің құрылысы саналады. Жалпы ұзындығы 245 шақырымға жететін бұл жолдар Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратынын айта кетейік. Бұл ретте аталған жол құрылысы Мемлекет басшысының жіті бақылауында екенін ескерте кеткен орынды. Қазір бұл нысандарда барлық құрылымдық қабат бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ осы учаскелерде инертті материалдарды дайындау жұмыстары қарқын алған. Жыл соңына дейін күрделі жөндеудің барлық ұзындығы бойынша жол жабынының төменгі қабатымен көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр»,- деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. Бұдан бөлек Маңғыстау облысында ұзындығы 64 шақырым болатын «Құрық – Жетібай» жол учаскесінде де құрылыс жұмыстары жалғасып келеді. Жөндеу жұмыстары екі учаскеде жүзеге асырылып жатыр. Ұзындығы 24 шақырымға жететін (40-64 шқ) бірінші учаске жылдың соңына дейін аяқталады деп межеленіп отыр. Екінші учаске бойынша (0-40 шқ) тиісті жұмыстар 2024 жылы аяқталады. Бұған қоса Қазақстанда орташа жөндеу жұмыстары да жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Жол жұмыстарының бұл түрімен 2 мыңнан астам күре жол қамтылып отыр. Соның 938 шақырымын жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Осы тұста биылғы құрылыс маусымына 7 мыңға жуық жолшы мен 2,5 мың арнайы техника тартылғанын атап өткен жөн.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдағы полицейдің өлімі: оқиғаның қалай басталғаны туралы видео тарады (ВИДЕО)
Жалағаш ауылында жымқырылған қаражат есебінен спорт кешені салынады
СҚО-да жер үй қорасымен бірге өртеніп кетті: оқиға орнынан қорқынышты видео жарияланды
Әнипа Назарбаеваны сотқа берді
Доллар қымбаттады
Алматыда «НаркоСтоп» жобасының 2024 жылғы нәтижелері туралы айтылды
Қазақстандықтар салық органдарынан хабарламалар ала бастады
Қазақстан Иран мен Әзірбайжанға астық жеткізуді қайта бастады
Түнде тыныштықты бұзғандар қанша айыппұл төлейді?
Санитариялық авиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшты
Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиада ойындарына дайындықты бастады
Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі
Елімізде XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы таратылды
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
Санитариялық авиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшты
“Қазақмыс“ Сәтбаевта қара қар мәселесін шеше алмай отыр
Арал теңізінде судың көлемі 42 пайызға артты