Нағыз ораза Рамазаннан кейін басталады

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Сауаптан үміт етіп құлшылық жасауға ағылғандардың саны көп болды. Имамдар бұл күнді тек Рамазанның аяқталуы емес, 1 ай жасаған құлшылықтың жемісі деп ұғыну керек дейді. Таңмен таласа айт намазына барған Сүндет Оралбек бұл мейрамның ерекшелігін айтып берсін. Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Иісі мұсылман баласы асыға күтетін қос мереке бар десек, соның бірі -қасиетті ораза айт. Бұл мейрамның ұлағатына бойласақ, Адамдар бір біріне деген өкпе ренішін кешіріп, бауырмашылдыққа үгіттейтін, мейірім құшағын жаятын кез. Ағайын туыс, дос жаран бір бірінің үйіне айттап, шат шадыман күй кешеді. Жаратқанға жақындастыратын мерекені асыға күткендер мешітке келуде. Алдымен қазір айт намазы оқылады. Айт намазына келгендердің қарасы қалың. 10 мың адамға шақталған Хәзірет Сұлтан мешітінде шамамен 14 мың адам құлшылық жасады. Мешіт ішіне сыймағандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан далаға жайнамазын жайып, айт намазын оқыды. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Барша қазақ жұртын айт мерекесімен құттықтаймын. Елімізде болып жатқан табиғи апаттан аман-есен шығуды тілеймін. - Барша мұсылман күтетін, бір жылда бір келетін мерекенің бірі. - Алланың берген, бір-біріне қонақ болатын керемет мерекесі. Нағыз ораза Рамазаннан кейін басталады. Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы осылай дейді. Себебі, нәпсіні тыйып, Алланың хақ жолымен жүру әрбір мұсылманға парыз. Әрбір мұсылман әдемі киініп, иіс су себініп, көтеріңкі көңіл күймен туған-туыстың үйіне барып, құттықтап қана қоймай, бір-біріне сыйлық беріп қуантқаны жөн екен. Наурызбай Қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ: Біздің енді дәстүрімізде бар ғой, 7 үйге бар немесе 40 үйге бар деп айтып жатады. Бұл шариғатта бекітілген шарт болмаса да, шариғат қолдайтын амал. Өйткені пайғамбарымыздың өзі айт намазға келген кезде бір көшемен келген, басқа көшемен қайтатын болған. Мұны ғалымдарымы "ол кісінің даналығы - көбірек адамдарды айтпен құттықтайтын еді",- дейді. Қанша үйге барған сайын адамдарды құттықтап сауапқа кенелесіз. Айт мерекесі мұқтаждарға қолдан келгенше көмек беріп, дертке шалдыққан адамдардың көңілін сұрап, сауапқа кенелуге мол мүмкіндік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Германиямен ойнайды
Спортшыларымыз биыл қандай байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды
1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өсті
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)
Тоқсанға жуық өрт өшірілді
Елде алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті
Қазақстан құрамасы алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылады
Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды
Құтқарушылар жаңа жыл түнінде күшейтілген режимде жұмыс істеді