"Наруто пышағы, жөргектегі есірткі". Ұшаққа алып кірмек болған ТОП-10 таңғаларлық заттың тізімі шықты

Көлік қауіпсіздігі басқармасы (TSA) 2023 жылы адамдар ұшаққа алып кіруге тырысқан ең таңғаларлық 10 заттың рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.Белгілі болғандай, ведомство өткен жылы 858 миллионнан аса адамды тексерістен өткізген. Тексеру барысында олардың багаждарынан "ерекше" заттар табылған. TSA тексерісінен өтпей қалған дүниелердің арасында таңғаларлық, әрі қауіпті заттар бар.Бостондағы Логан әуежайындағы багаждардың бірінен табылған Наруто аниме пышақтары тізімде 10-орынға орналасты. 9-орынға Миннеаполис-Сент-Пол әуежайынан табылған зымыран репликалары тұрақтады. "Қалай болғанда да, №8 - жаман идея болды", - деп атап өтті агенттік "наннан" табылған пышақ туралы. TSA мәліметінше, бұл ерекше жағдай Сиэтл Такома әуежайында болған. Багаждардан табылған заттардың тізімін краб пісіруге арналған дәмдеуіштің ішінен табылған метамфетамин пакеті жалғастырады. Бұдан бөлек тексеру барысында 35 миллиметрлік снаряд, аяқ протезінің ішіне жасырылған пышақ та анықталған. Сондай-ақ әуежай қызметкерлері Жаңа Орлеанда оқталған қаруды, ал Сакраментода қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға арналған CO2 картриджін тәркілеген екен. Нью-Йорк әуе айлағында жолаушылар жөргек ішіне есірткі жасырып өтпек болған. Ал Талстағы ұшаққа мінбек болған адамның энергетикалық сусынынан жұмыс істемейтін жарылғыш зат табылған. Айта кетейік, Көлік министрлігі елімізде ұшаққа алып кіруге болмайтын бірқатар заттың тізімін бекітті. Ұшақ ішіне алып кіретін қол сөмкеге ерін далабы, тіс пастасы сынды заттарды салуға тыйым салынды. Бұдан бөлек сусындар мен кез келген сұйық тағамдарды тасымалдау үшін багаж алу міндеттелмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Өткен жылы елімізде төлқұжат рекордтық көлемде шығарылыпты
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Дархан Сатыбалды ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
2025 жылы мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жетеді
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжанда қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
Шымкентте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу аяқталды
Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы Қазақстанда 1,5 млн адам төлқұжат жасатқан
Қазгидромет Алматы және тағы 9 қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Курьерлерге қойылатын талап күшейтілмек
Дархан Сатыбалды лауазымды қызметке тағайындалды
Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды