Насыбай ұрпақсыз қалдырып, қатерлі ісікке алып келеді

Елімізде насыбайға тыйым салынғанымен, оның саудасы қызып тұр. Қызбай қайтеді, психотропты зат сауда сөрелерінде «мен мұндалап» тұр. Көк тауардың дәміне мас боп жүргендер оның ұрпақсыз қалдыратынын ескерместен сатып алуға асығады. Адамды елітіп әкететін насыбайдың не сиқыры бар? Әріптесім Аружан Задабек осы эксперимент жасады.Адамды өзіне тәуелді ететін қарақошқыл затты тұтыну, әсіресе соңғы 20 жылда кең етек жайды. Бағасы арзан, әрі қауіпті тауарды көзбен көріп, қолмен ұстау үшін іздеп шықтым. Керегімді алғаннан кейін сатушының тамырын басып, әңгімеге тарттым. Насыбайды сатуға тиым салынғанын айтып едім, кәсіпкер бұл туралы бірінші рет естіп тұрғандай сыңай танытты. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: «Насыбайды тек қана үлкен адамдар атады» деп ойлайтынмын. Бірақ қазір жастар бейім боп алған дейді. Тіпті, арасында мен секілді жас қыздар көп қолданатынын айтады. Сонда бұнын адамды еліктіретін қандай күші бар? Жүз рет айтқанша, бір рет көрейікші. Мен қазір енді бар күшімді жинап, эксперимент жасап көрмекпін. Өзім дәмін татамын. Басқа жерге барайық. Мына жерде адамдар жүр. Ұят қой! Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Бірінші алақанымызға салып аламыз. Бұл майда түйіршіктер сексеуілдің күлінен, қара ағаштың смоласынан, әктің суынан жасалады екен. Ол ол ма, бұған тауықтың қиы да қосылады. Біз бен сіз білесіз, тауықтың қиы- өте улы. Оны жеген мал бірден қырылады дейді. Кешіріңіздер, мұнын дәмін көрмек түгілі, иіскеудің өзі жиіркенішті. Сондықтан, кешіріңіздер, мен эксперимент жасай алмаймын. Дәрігерлердің айтуынша, кез-келген адам басында мен секілді жиіркенеді, бірақ бір рет дәмін татқаннан кейін қалай тәуелді болғанын байқамай қалады. Тіпті, психотропты затты қолдану жүрек пен миға, ішкі органдарға зиян екенін ескермейтін халге жетеді дейді. Тоқтар ҚОЙШЫБЕКОВ, НАРКОЛОГ: Насыбайға есірткілік нәрселерді қосып жатыр дейді. Ол ұрпаққа да әсер етеді дейді. Әрине, ол міндетті түрде зияны өте көп. 1-2 жағын ғана біз анықтадық, зерттедік. Ал толық зерттеу көрсетілмеген. Созылмалы обструктивті өкпенің аурулары көп тарап бара жатыр. Қатерлі ісіктер пайда болып жатыр. Елімізде 2011 жылы насыбайдың құрамында есірткі мен психотропты заттың бары анықталды. Жеті жыл бұрын заң жүзінде шектеу қойылған. Ерқанат БЕЙСЕНОВ, ЗАҢГЕР: Саудагерлерге әуелі ескерту жарияланады. Кейін 5 айлық есептегіш айыппұл төлейді. Шағын және орта кәсіпкерлерге 20 айлық есептегіш айыппұлға дейін салынады. Өйткені, насыбай бәрібір темекінің бір түріне, тәуелділікке әкелетін зат. Мамандар еріннің астына салып, сілекейін жұтып, былш-былш түкіргендер болашағын ойласа дейді. Ал, заң мен айыппұл азаматтарға шыбын шаққан құрлы әсер етпейтін секілді. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде жиһаз цехынан өрт шықты
ШҚО қауіпсіздік рейдтері өтіп жатыр
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды