Науқас 2 млн теңге өндіріп алды: Қызылордада дәрігер арнайы рұқсатсыз қауіпті онкологиялық ота жасаған

Қызылордада дәрігер арнайы сертификатсыз онкологиялық ота жасап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, Қызылорда қаласының тұрғыны Д. есімді келіншекке маммолог дәрігер "сол жақ сүт безінің фиброаденомасы" диагнозын қойып, емделу керектігін ұсынған. Осыған байланысты, әйел жоспарлы емделуге жолдама алып, сол дәрігердің ауруханасының хирургия бөлімінде ота жасатыпты.Отадан кейін әйелдің денсаулығы нашарлап, мазасыздана бастаған. Науқас әйел медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жүгініп, хирургтың сапасыз медициналық көмек көрсеткеніне шағымданды.“Шағымға байланысты, ауруханаға жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Тексеру қорытындысына сәйкес, әйелді емдеу кезінде диагностика мен емдеу клиникалық хаттамаларының сақталмағаны, хирург отаны "онколог маман" сертификатынсыз жасағаны, аурухананың мемлекеттік лицензиясында онкологиялық көмек көрсету туралы қосымшаның жоқ екендігі анықталды”, – делінген сот хабарламасында. Тексеріс нәтижесі бойынша, хирург дәрігерге және аурухана заңгеріне әкімшілік айыппұл салынды.“Осы мән-жайларға байланысты, әйел Қызылорда қалалық сотына жүгініп, ота жасау кезінде ісік бар сол жақ сүт безінің астыңғы бөлігі емес, жоғарғы бөлігі кесілгенін, ультрадыбыстық зерттеуге қайта түскенде, сол жақ сүт безіндегі ісіктің алынбағаны белгілі болғанын, дәрігер өз ісіне немқұрайлықпен қарағанын, соның салдарынан ауруы асқынып, уайымға салынып, жан азабы мен тән азабын тартқанын көрсетіп, моральдық шығын өндіруді сұраған”, – делінген облыстық сот хабарламасында. Қызылорда қалалық соты талап арызды қанағаттандырып, жәбірленушінің пайдасына ауруханадан 2 000 000 теңге моральдық шығын өндіру туралы шешім шығарды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде шырша құруға апарған мұғалім биіктен құлады. Министр пікір білдірді
«Украиналықтар оңайшылықпен берілмейді». Зеленский отандастарын жеңіспен құттықтады
Диего Симеоне «Барселонаны» жеңгеннен кейін пікірін білдірді 
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты
Астанада қарлы боран: әкімдік қала тұрғындарына ескерту жасады
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді