"Науқас баланы көрпеге орап, мешітке апарып тастаған"

Жамбыл облысы Қаратау қаласында 20 жастағы келіншек мүгедек баласын таппай қалған. Сәбиі сал ауруына шалдыққан. Жасы - 2-де. Айтуынша, ол түнде дүкенге шығып кеткен. Ал баланың қасында әйелдің анасы болған көрінеді. Үйге келіп, баласын таба алмаған соң полицияға хабарлаған. Сәбиді іздеуге 80 полицей мен 50 ерікті жұмылдырылған. Кейін белгілі болғандай, үйге анасының таныстары келіп, көңіл көтерген. Науқас бала жылай берген соң ащы суға тойып алған ер адамның бірі оны көрпеге орап, жақын жердегі мешітке апарып тастапты. Азан шақыруға барған имам жылап жатқан баланы көріп бірден құзырлы органға хабар берген.Жалғасбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ, ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ БАС ИМАМЫ: Оны осы мешітіміздің азаншысы Абай Омаров деген ағамыз көріп қалады. Азан айтуға келген кезінде. Баланың үсті ашық тұрған. Тезірек курткасын алып жабады. Бірақ мешітіміз қуанышқа орай өте жылы болатын. Медицина мамандары келіп тексергенде денесінде ешқандай жарақаты жоқ, бала аман сау. Күдікті бұл әрекетін түсіндіре алмай отыр. Тек "Мас болып қалдым" деп ақталуда. Қазір «адам ұрлау» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеу iсi басталды. Медициналық тексеру барысында баладан ешқандай жарақат белгілері анықталған жоқ. Б. Жұмабай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысында бір үйдің екі баласын зорлаған
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Түркістан облысында орман ағаштарына санақ жүргізілуде
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Астанада ер адам полицейді соққыға жыққан
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
Алматыда 1972 жылы салынған газ құбыры жаңартылуда
«Қазақстан барысында» жеңімпаз атанған балуанға белгілі меценат автокөлік сыйлады