Ауруханалардың бірінде науқастың туыстары дәрігерге қол көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Оқиға Қырғызстандағы ұлттық аурухананың екінші неврологиялық бөлімінде болған. Науқастың туыстары дәрігердің қойған диагнозына наразылық танытқан. Сол себепті оның шашынан жұлып, сүйреген. Дәрігер жабық ми жарақатын алған. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.