Наурыз – жылдың басты мерекесі

Бүгінде Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңінде тұр. Сол себепті жаңару мен жаңғыруды, өркендеу мен бірлікті бейнелейтін Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасын енгізу маңызды.Наурыз – елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі. Наурыз мейрамы – қоғам бірлігін арттырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететін, рухани-мәдени маңызы терең халықтық мереке. Бұл мереке түрлі этностар арасында өзара сыйластық, бейбітсүйгіштік және тату көршілік құндылықтарын арттыруда аса маңызды рөл атқарады. Наурыз мейрамы Қазақстанды Отаным деп таныған барлық этностарды біріктіреді. Мысалы, совет заманындағы депортация кезеңінде қазақтар қоныс аударып келген отбасылармен соңғы нанын бөлісіп, оларға пана болды. Бұл мерекенің философиясы – жомарттық пен ізгілік – этникалық, діни, демографиялық, әлеуметтік және басқа да ерешеліктеріне қарамастан, елдің әрбір азаматының өмірлік ұстанымымен үйлеседі. Наурыз – еңбек мерекесі, яғни еңбек адамының құрметі биік болуға тиіс. Бұл – жаңару мен жаңа бастамалар күні. Адал еңбек, оны әділ бағалау мен адал еңбектің нәтижесінде табысқа кенеліп, бақуаттылыққа жету қазіргі қоғам үшін шынайы құндылықтар саналады. Бұл мерекенің мәні қазіргі Қазақстан халқына тән басты құндылықтардан құралған деуге болады. Қазақстанның қазіргі тарихында Наурыз толыққанды трансформацияларға қарқын берген жаңа саяси дәуірдің басталуын білдіреді. Табиғат жаңаруындағы жаңа циклдің басталуын Қазақстан дамуындағы жаңа кезеңнің басталуымен салыстыруға болар. Осылайша қоғам жаңа жылды баршамыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мықты және әділ мемлекет құрамыз деген үмітпен бастағалы тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Келген залал - 90 млн теңге: Алаяққа көмектескен адам ұсталды
«Көз жасын тыя алмады»: Ақтаудағы әуе апатында бір-бірінен көз жазып қалған ерлі-зайыпты табысты
Бельгия премьер-министріне уланған хат жіберілген
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады