"Наурыз" бағдарламасы: Биыл 12 мың отбасы баспаналы болады

Биыл «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы аясында 12 мың отбасы баспаналы болмақ. Жаңа бағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Оған жыл сайын 200 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысы Атырауда өткен ұлттық құрылтайда халықты баспаналы ететін жаңа бағдарлама енгізу туралы айтты. Президент бұл бағдарламадан қала тұрғындарымен бірге, ауыл-аймақтағы жұрт та қалыс қалмауын міндеттеді. Осыдан кейін "Наурыз" бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама барлығына арналған. Үй алуға ниеттілер депозит ашып, маусым айының соңына дейін өтінім бере алады. Бірінші кезекте жас отбасылар, моноқалалар мен аудандардың тұрғындары қатысады.Ләззат ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:Қазір бизнес-процестерді саралап жатырмыз. Енді жыл сайын қаңтар айында қазақстандықтар бағдарлама арқылы өтінім беріп, екі ай конкурсқа қатыса алады. Жоспар бойынша әр жылы Наурыз мерекесі қарсаңында конкурстан өткен азаматтарды баспанамен қамтамасыз етіп, халық қоныс тойын тойлайтын болады. Экономистер жаңа бағдарламаның үйі жоқ тұрғындардың барлығына қолжетімді болғаны қуантады, дейді. Сондай-ақ халықтың осал топтарына 7, қалғандарына 9 пайызбен берілуі де әділетті екенін айтады. Бауыржан ЫСҚАҚ,  ЭКОНОМИСТ:Жалпы мемлекеттің бұл енді инклюзивті экономикаға бағытталуы, жалпы әлеуемттік экономикалық болып табылғандықтан бұл көптеген адамдарға үміт отын сыйлайтын дүние. сол үшін мемлекет толыққанды болмаса да, 5 пайызын, 8-10 пайызға дейінгі мөлшерін әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға берілетін жеңілдігі бар ипотекалық бағдарлама деп айтуға болады. Жаңа бағдарлама 8 жылға арналған. Осы аралықта мемлекет тарапынан жеңілдетілген жаңа ипотекаға 1,7 трлн теңге, яғни жыл сайын 200 млрд теңге бөлінеді. Жалпы осы уақыт ішінде еліміздің 68 мың тұрғынын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Медициналық мекемелердегі санитария: неге ауруханаларда әжетхана қағазы жоқ?
«Астана Опера» театрында «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
CNN: Солтүстік Корея әскерлері қазірдің өзінде Украинада
Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тіліне аударылды
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі
Қостанай облысында жарылыстың алды алынды
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды