"Наурыз" бағдарламасы бойынша 17 432 адам өтінім жолдады

Елімізде «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша 17 мыңнан астам адам өтінім жолдаған. Алайда оның 9 мыңға жуығы ғана қабылданды. Ал 2 мыңнан аса тұрғынның өтініші белгілі себептерге байланысты кері қайтарылды. Қазір бағдарлама бойынша баспана маркет платформасы сағатына орта есеппен 400 өтінімді қабылдауға қабілетті. Отбасы банкіндегі депозитіңізде қаражат көлемі 1 млн теңгеге жетпесе "Наурыз" бағдарламасына қатыса алмайсыз. Бұл бағдарламаның негізгі шарттарының бірі. Сондай-ақ үйі бар адам да бұл бағдарлама бойынша баспаналы бола алмайды. Жансұлтан МАТАЙ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Тұрғын үйі бар адамдардың да өтінімдері қабылданған жоқ. Тағы 5 008 өтінім жолдану процесінде. Яғни, мемлекеттік дерекқорлармен сәйкестендіру жүргізілуде. Жүйе өтінімдерге ЭЦҚ арқылы үміткердің қол қоюын мүмкіндік береді және соны күтіп отырмыз. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтініш жолдағандардың 62 пайызы 35 жасқа дейінгілер. Ал түскен өтініштердің 57 пайызын әйелдер жіберген. Ең жас өтінім беруші Түркістан облысының тұрғыны. Оның жасы 18-де. Бұл 10-мамырға дейінгі көрсеткіш. Ляззат ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім жолдады. Оның ішінде 8 945 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен. Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң саралау жұмыстары басталады. Мамандардың айтуынша, бағдарламаға қатысушылар тізіміне ең көп ұпай жинаған үміткерлер кіреді. Бағдарламаның шарттарына тоқталсақ, алғашқы жарна 20 пайыз. Үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме 7 пайыз, ал азаматтардың барлық санаттары үшін 9 пайыз. Несие мерзімі 19 жылға дейін. Салым бойынша сыйақы мөлшері әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай, Егер заңды некеде тұрсаңыз оған 5 ұпай, бала болса 10 ұпай беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары мәртебесі барларға 10 ұпай, 35 жасқа дейінгі жастарға 5 ұпай қосылады. Өтінім қалдыру маусым айының соңына дейін жалғасады. Қатысушылар тізіміне іліккендерге несие рәсімдеуге 2 ай, ал үй іздеуге 6 ай уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында депозитіндегі қаржысы 1 млн теңгеден асатын азаматтар алатын үйдің 20 пайызын шотқа салу қажет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Тұман түсіп, жел күшейеді
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады
6 пәтер мен 19 люкс көлік алған: Қарағандыда ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері қызының еміне жиналған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді
24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“Бір плюс, бір минуспен аяқталды“. Экономист 2024 жыл туралы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды
2024 жылы ең көп қойылған есімдер. Тізімде кімдер көш бастап тұр?
Ақтаудағы атом энергетикалық комбинатта жұмысшы қаза тапты
Жел, көктайғақ, тұман: 24 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы іске қосылады
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы қоныс тойын тойлады
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Салтанат кейсі: 2024 жылғы тұрмыстағы шулы зорлық оқиғалары
Астанада шаңғы маусымы ашылды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды