«Наурыз» ипотекасына бір тәулікте 1 124 өтінім түскен

«Отбасы банктің» баспасөз қызметі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының басталған алғашқы күннің нәтижелерін жария етті.«Алғашқы күннің қорытындысы бойынша қазақстандықтар бас-аяғы 3 347 өтінім жолдады. Тұрғын үйі барлар мен депозитін қажетті сомаға, 1 млн теңге толтырмағандардың өтінімдері кері қайтарылды. 1 124 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен келіп түсті», - деп жазылған мәліметте. Банк мәліметі бойынша, «Наурыз» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар арасында 24 пен 35 жас аралығындағы жас қазақстандықтар көш бастап тұр. «Тұрғын үй сатып алу үшін ең көп таңдалған үздік бес аймақтың қатарына Алматы, Шымкент, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарымен бірге Астана да кірді. Баспана маркет платформасы (otbasybank.kz) сағатына орта есеппен 400 өтінімді қабылдап, өңдеді. «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. Қатысушыларды дүрліктірмеу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі барынша ұзартылды. Ол 25 сәуірден 30 маусымға дейін, екі ай бойы жалғасады. Сондай-ақ өтінім беру күні мен уақыты ұпай санағанда ескерілмейді. Сондықтан банк салымшылары асықпай өз депозиттерін толықтырып, қажет болған жағдайда оны туыстарының депозиттерімен біріктіріп, бағдарламаның шарттарымен мұқият танысып, содан кейін ғана өтінім беруге кірісе алады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін саралау басталады. Бағдарламаға қатысушылар тізіміне ең көп ұпай жинаған үміткерлер кіреді», - деп жазады «Отбасы банк» мамандары.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасында туннель арқылы заңсыз мұнай тасымалдаған
2 млн га астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Маңғыстау облысында ұшақ апатынан қаза тапқандар құрметіне Каспий теңізіне гүл шоқтары жіберілді
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады
Жетісайда құжатсыз жүрген 7 жасар бала: ол отбасына қайтарыла ма?
Биыл 254 мектептің құрылысы аяқталды
Бүгін Мұхамеджан Қаратаевтың туған күні
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Доллар, еуро және рубльдің 27 желтоқсанға бағамы жарияланды
“Қазақстандағылар қамқор болды“ - Ұшақ апатынан зардап шеккендер
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер қандай жетістіктерге қол жеткізді
Еліміздегі балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге Ресей мен Әзірбайжан мамандары қатысады
Ғылым және жоғары білім министрі Абай университетінде кездесу өткізді