Наурыз мейрамы –ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген, көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын бейнелейтін басты мерекелердің бірі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Наурыз мейрамы туралы былай деп атап өтті: «Наурыз –ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бұл туралы Ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деп жырлаған» (21.03.2021ж.).  Бұл мейрамды халқымыз тұтас ел болып, бір ұлт болып түгел тойлайды. Яғни, Әз Наурыз – нағыз халықтық мейрам. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттің бәрі осы ұлық мерекеде көрініс тапқан. Біз – ата жолын жалғаған жұртпыз» (21.03.2023 ж.).  «Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған» (22.03.2023 ж.). Атақты ғалым, шайыр және ойшыл Омар Хайям өзінің шығыстық күнтізбеге ғылыми негіздеме берген «Наурызнама» атты еңбегінде былай деп жазады:  «Үлкен жылдың төрт бөлігі аяқталған кезде үлкен Наурыз туады, сол кезде әлем жаңарады. Бұл кезде патшалардың дәстүрі бар – жыл басында олар бата беру, күнді белгілеу, шаттыққа бөлену рәсімдерін өткізуге тиіс. Наурыз күні сауық-сайран құрып, қуанышқа бөленген адам келесі Наурызғадейін қуаныш пен шаттықта өмір сүреді. Патшалар үшін бұл дәстүрді ғалымдар бекітіп берген». Қазақ даласында Наурызды сегіз күн тойлаудың салты мен тәжірибесі туралы белгілі этнограф, ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өінің «Наурызнама» атты еңбегінде былай деп баяндайды: «Наурызнама той қылатын жұрттың патшалары тірі балықты көп қылып ұстатып алып, бір керсен суға салып, көптің алқасына қойдырады. Отырған көп әлеумет сол балықтарға көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады. Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жағынан екінші жағына қарай аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықты, жаңа жыл келді!» деп. Сегіз күн ұдайымен қол астына қараған жұртқа той, тамаша береді: «Жаңа жыл тойы!» деп. Қазақтың «Наурыздың келгенін жандыда балық біледі, жансызда Самарқанның көк тасы біледі» деген сөзінің шешімі осы».  «Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурызнама…Қайда атақты, асқан бай бар болса, Наурызнаманы сол байға қылдырады екен. Үйсін Төле билердің заманында Наурызнаманың қадір-құны астан, тойдан ілгері болады екен».  «Наурыз туғанда хандар мен сұлтандар тұтқындарға кешірім жасайды, зынданда отырғандарды босатады, құлдар азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк тасы жібіді» делінеді». Хәкім Абай «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты қолжазбасында Наурызнама туралы былай деп жазады: «Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып, наурыздама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Солкүнін «Ұлыстыңұлыкүні» дейдіекен». Бұған қоса, Абай Наурыздың діни емес, халықтық мереке екенін атап көрсетеді. Алаш қайраткері Міржақып Дулатов Наурыз туралы былай деген:  «Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды күншығыс жұрттарының көбі, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Бұхар, Кавказ, түркістандықтар мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда, Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді… Ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, біздің қазақ-қырғызда жалғыз-ақ мейрам бар, ол – Наурыз». Көктем мерекесін тойлаудың тарихына осылай шолу жасағанда, халқымыз үшін бірлік пен ынтымақтың және ежелден қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлердің қадірі айрықша екенін көреміз. Алайда, КСРО-да Наурыз мейрамына 1926 жылы «өткеннің жәдігерлерімен» күресу сылтауымен тыйым салынып, 60 жылдан аса уақыт ішінде халықтық салт-дәстүр, мереке жөн-жоралғысының көбі ұмыт болды. 1988 жылы мереке қайта жанданғаннан кейін оның мазмұны мен форматы ішінара ғана қалпына келтірілді. Мейрам салт-дәстүрлердің кейбір элементтерін ғана көрсететін сахналық сипатпен шектелді: киіз үйлер орнату, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар көрмесін өткізу т.б. 1991 жылғы 15 наурызда Қазақ КСР Президентінің «Наурыз мейрамының халықтық мерекесі туралы» Жарлығы шығып, «22 Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңесу күні – Наурыз мейрамы халық мерекесі күні деп жариялансын» деп жарияланды. 2009 жылдан бастап мереке қатарынан үш күн – 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі болды әрі демалыс күндері болып жарияланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қойды
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Футзал: “Қайрат“ Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне бір табан жақын қалды
Жетісуда пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты
Курчатов қаласында үйде қамалып қалған баланы құтқарушылар сыртқа шығарды
«Парасат майданы» спектаклі көрермен назарына ұсынылады
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Құжатым жоқ, мектепке бармаймын: Әлеуметтік желіде ауыр жұмыс істеп жүрген баланың бейнежазбасы тарады
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы қайта жанданды