Наурызнама: әр күннің маңызы бар

Биылдан бастап 14 – 23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі жарияланды.Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықтыашуға бағытталған. Ән күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең мазмұн-мәнге ие болды. 14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесіМерекелік онкүндік Амал мерекесінен басталады, бұл күні жасы үлкендерге арнайы сәлем беріп, құрмет көрсету, қонақ күту, мейраммен құттықтап, ізгі тілек жаудыру салты қалыптасқан. Амал мерекесінің мәні Наурызбен біте қайнасқан, себебі ол – Наурыздың алғашқы хабаршысы. Бұл күн – Табиғат-Ананың,Жер-Ананың, жалпы тіршілік атаулының көктемгі жаңаруы мен оянуының бейнесі. Қазақстан халқы үшін Амал дәстүрі отбасыдағы жылылық пен татулықпен тығыз байланысты. Жас кішілерүлкендердің үйіне арнайы барып, сәлем береді, Жаңа жылда ақсақалдардан бата сұрайды. Бұл дәстүр қазақстандық менталитеттің ажырамас бір бөлігі, туыс-туған, дос-жаран, көрші-қолаңның көптен күткен кездесуін білдіреді. Бұл күні адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, ескі өкпе-реніштерден арылуы қажет деп саналады. Дәстүрлі түрде Қазақстанның батыс өңірлерінде жаңа жылдың басы ретінде атап өтілетін «Амал мерекесі» қуаныш пен шаттық мейрамы ғана емес, бұл – өмірді жаңадан бастауға, өткенді кешіріп, болашақты таза жүрекпен қарсы алуғамүмкіндік беретін кезең. Бұл күн барлық реніштерді ұмытып, айналамыздағы адамдарға шынайы мейірімділік көрсетуге шақырады. Бұл орайда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Амал» біздің ұлттық бауырмалдығымыз бен мейірімділігіміздің көрінісі екенін айтып жүр. «Амал мерекесі» дәстүрінде тұрғындардың бір-бірін жаңа жылмен құттықтауы –ауызбірлік пен достықтың белгісі. Бұл күніхалқымызға тән қауымдастық пен өзара көмек құндылықтарын кең тарату өте маңызды. «Амал мерекесін» бүкіл республика деңгейінде атап өту бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайта түсуге сеп болады. Бұл мереке бәріміздің үлкен бір отбасы екенімізді, бұл отбасының ынтымағы игі дәстүрлер мен жалпыға ортақ құндылықтар арқылы арта түсетінін көрсетеді. Бұған қоса, бұл – жеке бастың реніш-қайғысын ұмытып, алға жаңа үлкен мақсат қойып, нақты жоспарлар құрып, баршаға ортақ игішешімдер қабылдайтын тамаша кезең. Осылайша, бұл дәстүр кешірім мен өзара құрмет арқылы халықтың бірлігін – азаматтардың бір-біріне жақындығын, ортақ мақсат жолында бірігуін білдіреді. 14 наурыздан бастап «Наурыз-базарлық» маусымы жарияланады, оның барысында жаппай сатылымдар мен жеңілдіктер қарастырылады. Мереке күндері тұрғындар туыс-туғандарын аралап, студенттер мерекені өз жақындарымен бірге қарсы алу үшін ауылдарына барып, жақын-жұрағатқарашаңырақта бас қосады. Сондықтан «Амалдың» әрбір сәті шаттық пен қуанышқа, мейірім мен жанашырлыққа толы болары сөзсіз. Бұл дәстүр ел жаңаруының жаршысы ретінде, табалдырықтан аттағалы тұрған Ұлу жылын зор үмітпен және нық сеніммен бастауға жақсы себеп болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
«Астана» жеңісті уысынан жіберіп алды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қойды
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Футзал: “Қайрат“ Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне бір табан жақын қалды
Жетісуда пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты
Курчатов қаласында үйде қамалып қалған баланы құтқарушылар сыртқа шығарды
«Парасат майданы» спектаклі көрермен назарына ұсынылады
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Құжатым жоқ, мектепке бармаймын: Әлеуметтік желіде ауыр жұмыс істеп жүрген баланың бейнежазбасы тарады
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы қайта жанданды