Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 5-7 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болады

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн бұлттанып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.Синоптиктердің болжамынша, Астанада 5-7 тамыз аралығында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. 5 тамызда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С болады. 6 тамызда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Елордада түнде +17+19°С, күндіз +26+28°С болады. 7 тамызда ауа температурасы төмендейді, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін (түнде +16+18°C, күндіз +25+27°C). Бұл күндері солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Алматыда: 5 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с болады. Түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С ыстық,;6 тамыз: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с болады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түнде +23+25°С, күндіз +35+37°С ыстық; 7 тамыз: көшпелі бұлтты, жаңбыр (күндіз кей уақытта қатты), найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соғатын желдің күші 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +20+22°С, күндіз +26+28°С. Шымкентте жаңбыр жауады. Мұнда 5 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с болады. Түнде +21+23°С, күндіз +36+38°С. 6 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +30+32°С. 7 тамыз көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Этика нормаларын бұзған прокурор орынбасары жұмыстан босатылды
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары