Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 11 жастағы найзағайдан жарақат алған бала түсті. Найзағай соққысынан баланың арқасы, белі және сол аяғының төменгі жағы күйіп қалған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.«31 шілде күні жедел жәрдем көлігімен 11 жастағы найзағай соққысынан жарақат алған бала түсті. Ауруханаға түскен кезде пациенттің жағдайы орташа ауыр болды. Оның арқасын, белін және сол жақ аяғының төменгі жағын термиялық күйік шалған. Балаға шұғыл көмек көрсетілді. Қазір бала травматология бөлімінде хаттама бойынша ем қабылдап жатыр», - деді аурухана директорының орынбасары Қалиев Асқар Сәулебекұлы.