"Не ауру емес, не сау емес күйден өттім: әнші Индира Расылхан алдағы уақытта ән айтпайтынын мәлім етті

Әнші Индира Расылхан біраз уақыт психологиямен айналысқан болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында осы ісі үшін оқырмандарынан кешірім сұрап, алдағы уақытта ән айтпайтынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Ойым шашыраңқы болса да, жеткізуге тырыстым. Сіздерден кешірім сұраймын. Бүгін ерекше эфир болайын деп тұр. Сіздердің алдарыңызда жіберген қателігімді, алдап жүрген мәселелерімді ашық айтуға ниеттендім. Қазір шыны керек, ойым шашыраңқы. Қалай бар, солай жеткізуге тырысамын. Біраз уақыт сіздерді алдап келгем", - деп жазды Индира Расылхан. Сонымен қатар әнші бұлай айтуының себебін де түсіндіріп берді. "Осы уақытқа дейін сіздердің алдарыңызға әнші ретінде шықтым. Сіздердің құрметтеріңізді, көңілдеріңізді жаулап алуға тырыстым. Бұл әрине, Алладан берілген. Маған "Қаншалықты халыққа адал қызмет еттім" деген ой келеді. Өзіме есеп бергенде көп нәрсе шықты. Сіздердің көңілдеріңізді өнеріммен жаулап алғаным үшін кешірім сұраймын. Психологиялық мақсатта сіздермен жұмыс істеп жатқаныма үш жылдың көлемі болды. Қанша терапия өткіздім, қанша адаммен сөйлестім. Қанша жанның мұңын тыңдап, көмегімді тигіздім. Тегін де сабақ бердім, курс та өткіздім. Осының барлығында менен кеткен қателік көп болды. Психология бір білім ғой. Бірақ, бұл Алладан емес, батыстан келген білім. Осы психология арқылы көп нәрсені түсіндім", - деді әнші. Сондай-ақ Индира Расылхан ауыр сынақты бастан өткізгенін жеткізді. Сонымен қатар әнші енді ән айтпайтынын мәлім етті. "Түрлі техника жасадым. Осы түрлі техниканы адамдарға бердім. "Осыны жасасаңыз, қарыздан құтыласыз", "Осыны жасасаңыз, отбасыңызбен жақсы боласыз" деп техникаларды бердім. Оны өзім де жасадым. Бірақ ол техникалармен ризығым артпады, кері кеттім. "Неге қарызға батқан сияқтымын", "Неге көңіл күйім жоқ" деп сұрақ қойдым. Менің көңілім көтерілу керек қой. Сөйтсем, сіздерді алдап келген нәрсем, психологияны үйреткенім, психолог сияқты жұмыс істегенім. Бәлкім, біреуіңіз өнерімді, біреуіңіз психологиямды жақсы көрген боларсыздар. Ең бастысы, менің айтқалы тұрған нәрсем - психологиялық техника, аффермация мен медитацияға да кеңес бермес едім. Алла менің ризығымды арттырмады. Мен адасу, қателік жасау арқылы Алланы таптым. Қазір қандай жағдай болса да, мен тек дұға етемін. Мен үлкен сынақтан өттім. Қиын кезеңнен өттім. Оны дұшпанымның да басына тілемеймін. Алла ол нәрсемен сынамасын деп тіледім. Не ауру емес, не сау емес күйден өттім. Қазір өз-өзіме келдім. Сіздерді алдап жүргендей сезіндім. Расында алдадым. Мен Алладан келген білімді емес, адамдар ойлап тапқан техниканы сіздерге бердім. Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын", - деді әнші парақшасында жариялаған видеода. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды