Көшедегі қоқыстан нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Қырғызстанның Бішкек қаласында болған. Полицияның мәліметінше, тұрғындар Алма-Ата жаңа айналма жолының қиылысындағы қоқыста кішкентай сәбидің денесі жатқанын хабарлаған. 20 жастағы келіншек Бішкекте 7 айлық сәбиді босанған. Ол өлі туылған. Келіншек не істерін білмей, құрбыларының кеңесімен оны қоқысқа тастаған. Келіншек сәбиді Алма-Ата көшесіндегі қоқысқа тастағанын мойындады. Аталған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.