«Не тірі көрсем, не сүйегін көрсем деген арманда отыр», - ерікті

Түркияда тағы жер сілкінді. 6,4 балдық зілзала 6 адамның өмірін қиды. 300-ге жуық адам зардап шеккен. 18 адамның жағдайы қиын. Жер сілкінісі көршілес Сирия, Ливан, Ирак, Палестина,Израилде де сезілген. Түркияның Вице-президенті Фуат Октай халықты қирауға шақ тұрған ғимараттарға жақындамауға шақырды. Толығырақ Сүндет Оралбеков тарқатады.Хатай қаласына қарасты Дефне ауданында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелген. Араға 3 минут салып қуаты 5,8 магнитудаға жететін тағы жер дүмпуі болды. Зілзала салдарынан 6 адам қаза тапқан. Фахреттин ҚОЖА, ТҮРКИЯНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Өкінішке қарай, оның ішінде 18 науқастың жағдайы ауыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар Адана және Дертиол қалаларына жеткізілді. Біздің барлық далалық ауруханалар пациенттерімізге тиісті қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр. Жер сілкінісі болғалы 90 афтершок тіркелген. Тұрғындар далада түнеуге мәжбүр. Айзе ЙЫЛДЫРЫМ, ДИЯРБАКЫР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қорқыныш, сонымен қатар тұрақсыздық сезімі. Біз ішке кіре алмаймыз. Егер біз кірсек, онда сол жерде жан тапсыруымыз мүмкін. Біз не істеу керектігін білмейміз. Алла бізді аясын. Басқа ештеңе айта алмаймын. Семиза ИЗГОРЕН, ДИЯРБАКЫР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз мұнда жер сілкінісінің бірінші күні келгенде жаңбыр жауды. Біз кезіп жүрдік, өзімізге орын таба алмадық, тіпті орану үшін көрпе таба алмадық. Біз үйлерімізге оралуға мәжбүр болдық. Қазір біз қайтадан шықтық. Өйткені жер сілкінісі қайтадан басталды. Қазақстаннан барған еріктілердің кейбірі әлі сонда. Ерікті Дастан Жұмабайдың айтуынша, ондағы жағдай өте ауыр. Дастан ЖҰМАБАЙ, ЕРІКТІ: Бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын. Өйткені, телефоннан көрген бөлек, Көзбен көрген бөлек. Қаншама аға-бауырларымыз көшеде жатқанын көрдік. Кейбіреулері палаткаларда тұрып жатса, кейбіреулері пакетте тұрып жатқандарды көрдік көзбен. Сондықтан жағдай қатты нашар деп айтсақ болады. Бауырым, әкем, балам осының астында. Может тірі шығып қалар деп үмітте отыр. Көшіп жатыр дегендерді естімедім. Жағдай қатты мүшкіл болғаннан, көбісі сол жақта тұр әлі. Анасын, бауырын тастап кеткісі келмей тұр. Не тірі көрсем, не сүйегін көрсем деген арманда отыр көбі. Жер сілкінісінен тағы 10-ға жуық ғимарат қираған. Ал «киіз үйде жатқандар тіпті жер сілкінгенін сезбеген» дейді Дастан. Дастан ЖҰМАБАЙ, ЕРІКТІ: Киіз үйде жатқан кісілермен сөйлестік. Ол кісілер воообще сезбеген, білмеген жер сілкінгенін. Таңертең бір-ақ білген. Елдер шулап кеткенде бір-ақ білген. Апат аймағына 6 мың шатыр тігілген. Құзырлылар 1 тәуліктің ішінде Хатай қаласына тағы шатырлар мен азық-түлік және гуманитарлық көмек жеткізілетінін айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Черчесов кетпейтін болды
«Бардым да ала салдым»: Ақбота-Нұр 7 млн-дық сағатымен мақтанды
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Қостанай облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп жүрген
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті